БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ОРНЫ

                                                                  ЖОСПАР

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1.БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ  ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ОРНЫ
                   
1.1 Шаңғы тебу техникасын балалар мен жасөспірімдерге үйрету негіздері..4
1.2 Балалар мен жасөспірімдердің шаңғы тебу қозғалысының әдістемелік  ұсыныстар...............................................................................................................8
1.3Балалар мен жасөспірімдерге шанғы спортындағы әдіс-тәсілдерді үйрену.....................................................................................................................11
1.4Балалар және жасөспірімдердің дене тәрбиесіндегі шаңғының маңызды рөлі..........................................................................................................................14

2. ШАҢҒЫ ТЕБУ ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУДЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Балалар мен жасөспірімдердің  дене тәрбиесіндегі шаңғы түрлері мен туризімі .................................................................................................................18
2.2 Балалар мен жасөспірімдер жарысына жалпы сипаттама......................20
2.3Балалар мен жасөспірімдердің шаңғы тебу қозғалысының әдістемелік ұсыныстары.....................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................








Кіріспе
Мектеп жасындағы балаларды   сауықтыру да және үйлесімді дамыту мақсатында  дене тәрбиесінің  аса  маңызды бір құралдардың бірі – шаңғы  дайындығы. Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен дамудың процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Шаңғымен қозғалу кезінде ағзаға оң әсерін тигізетін қолдың, аяқтың және кеуденің барлық негізгі бұлшық еттері жұмыс істеуге қатысады.  Шаңғымен жүру  және жүгіру оқушының жүрек-қантамырына, тыныс алуына және жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Ақырында, дене жаттығуларымен де айналысудың жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды, балалардың шыдамдылығын, икемділігін, ептілігін дамытады.
Шаңғы спортымен шұғылдану  кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны  жөн. Басты талаптардың бірі –  дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды  әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Мектеп бағдарламасында  шаңғы дайындығы 1 –сыныптан бастап міндетті бөлім ретінде енгізілген. Шаңғы дайындығы сабағында негізгі білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері шешіледі.



https://vk.com/id410234101 ТІРКЕЛЕМІЗ







Комментарии

Отправить комментарий